Бараат - қасиетті түндердің бірі. Ибн Мәжәнің хадис жинағында ол түн жайлы мынадай хадис келтіріледі:
«Шағбан айының жартысы толған түнді құлшылықпен өткізіңдер.
Күндіз ораза ұстаңдар. Өйткені Алла Тағала күн ұясына батқан шақта:
«Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, ризық берейін.
Ауру-сырқауға ұшыраған бар ма, шипасын берейін», – деп, таң шапағы атқанға дейін рақымын төгеді» .
Шағбан айының жартысы, яғни он бесінші жұлдызы.
Биыл 2020 жылы ол сәуірдің 8-інен 9-ына қараған түнге тура келеді.
Ал 9-ы күні ораза ұстау мұстахаб. Исламда тәулік түннен басталады.
Түн болса ақшам намазының кіруімен бастау алады.
Бұл Рамазан айына да қатысты. Рамазан айы кірісімен ораза ұстамас бұрын,
тарауих намазын оқу басталады және Рамазандағы соңғы ораза ұсталған күннің кешінде
тарауих оқылмайды. Себебі күннің батуы арқылы Рамазан айы бітіп,
Шәууәл айы басталып кетеді.
Бараат түні жайлы, ол түннің қадір-қасиеті жөнінде келесі жазбаларымызда толығырақ тоқталатын боламыз.