Islam & Гигиена
Islam & Гигиена

   Гигиена 

Ислам бізді жанымыздың таза болуымен қатар, тәніміздің де таза болуына шақырады. 

Соның бірі - тіс және ауыз қуысының тазалығы. Ауыз қуысы әр дәрет алғанда, 

ғұсыл құйынғанда үш рет шайылады. Тіпті ауыз шайылмаса, ханафи мәзхабы бойынша 

ғұсыл алынған болып есептелмейді. Одан бөлек Пайғамбарымыз (саллаллаху алейхи уа саллам) 

тісімізді мисуакпен тазалауды бұйырған. Өзінің мүбәрәк хадистерінің бірінде 

Алла елшісі (саллаллаху алейхи уа саллам):

 “Мисуак - ауыздың тазалығы, Раббының разылығы” - екенін айта отырып, 

Мисуак тек ауыз тазалаушы құрал ғана еместігін, сонымен қатар Алла Тағала 

разы болатын амалдар қатарына жататынын баяндауда. 

Мисуак әрі щетка, әрі тіс пастасы қызметін атқарады. 

Ол Меккеде, Мәдинәда, Иемен мен кейбір Африка мемлекеттерінде өсетін 

арнайы ағаштан алынады. Бұл ағаш арабша “Арок” немесе “Арак” деп аталады. 

Жайқалып өсетін, жылтырақ жапарақты өте қысқа ағаш. Түсі ашық қоңыр болады. 

Ең қолданылуға қолайлы тұсы оның тамыры. Қолданылу үшін біраз 

уақыт ылғалдан ұзақ жерде құрғатылады. Егер қолданыс барысында қатты құрғап кетсе, 

кішкене суға салып жібітіп алуға болады. Егер қолданылып жатқан тұсының сөлі бітіп желініп кетсе, 

ол бөлігін кесіп тастап, ары қарай қолдана беруге болатын ғажайып щетка.  

Алла елшісі (саллаллаху алейхи уа саллам) мисуакты үнемі қолданатын. 

Ол жайында келесі жазбамызда толықтырамыз.

 

(Мисуактың сипаты PhD Надия Таяраның Иғжазул Құран энциклопедиясынан алынды)

Yergeldi YesdauletYergeldi Yesdaulet
5 жыл бұрын 2102
0 пікір
Блог туралы