Бараат түні (2)
Бараат түні (2)

Бараат түні - мұсылман адамның дұға ететін уақыты. Алдыңғы жазбамызда келтіргеніміздей, 

Ибн Мәжәнің хадис жинағындағы Алла елшісінің мүбарак хадисінде: 

«Шағбан  айының  он  бесінші  түні  болғанда  тек  қана ғибадатпен  өткізіңдер,  

ал  күндіз  ораза  ұстаңдар.  Өйткені Алла  Тағала  сол  түні  күн  шыққанға  дейін  әлемге  мейірімін төге тұрып, 

былай дейді:

–  Кешіруімді қалайтын адам бар ма, кешейін?

–  Ризық талап етушілер бар ма, берейін?

–  Дертке шалдыққандар бар ма, шипа берейін?

–  Тағы кім не тілесе тілесін, берейін!» (1)

Ендеше,  Раббымыздың  сүйінші  хабарына  құлақ  асып, берілген мүмкіндіктерден пайдаланып қалуымыз керек. 

Қарыздан,  күнә  мен  жазадан  құтылу  деген  мағынаны білдіретін Бәраат – күнәлардан құтылу (тазару) кеші. 

Бұл түн – Алланың өзінен кешірім сұраған мүміндерді кешіріп,  күнәдан  арылу  түні.  

Бұл  түні  адамның  бір  жылдағы  ризығы,  бай  немесе кедей, жоғары немесе төмен болатынынан, ғұмырларының ұзаруы немесе ажалының келуі жайлы хабарларды Алланың әмірімен  періштелердің  дайындайтындығы  білдірілген. 

Бәраат түні – баршаның тағдыр бағдарламасы сызылып, періштелерге  тапсырылып,  

құлдардың  жасаған  амалдары  Алла тағалаға ұсынылады.

Бәраат  түнінде  –  Жаратушы  Иеміз  құлдарының  тәубесін қабыл етіп, күнәсін кешіреді.

Бәраат  түнін  –  құлшылықпен,  күндізін  оразамен  өткізу мұстахап (ұнамды) амалға жатады.

Сондықтан да мүбәрак Бәраат түнін құлшылықтармен яғни тәубе етіп, дұға жасап, намаз оқып, 

Құран оқып, Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат айтып өткізген абзал. 

Сонымен қатар Ибн Аби Шайбаның мусаннафында Ибн Масғуд пен Ибн Омардан (Алла бәрінен разы болсын) мына дұға риуаят етіледі:

“Уа ұлылық пен жомарттық иесі, барша нығметтерді беруші, сенен басқа Құдай жоқ. 

Егер мені өзіңнің құзырыңдағы басты кітапта “бақытсыз” етіп жазған болсаң онда оны өшіріп,

мені “бақыттылардың” қатарына, қайырлы іс жасауға тауфиқ берілгендердің легіне қосуыңды сұраймын. 

Егер мен мақұрұмдардың, пақырлардың қатарында болып жазылған болсам, 

оны өшіріп ризығы молдардың қатарына қосқайсың. 

Өзің түсірген кітаптағы мына аятыңа үміт “Алла қалағанын өшіріп, қалағанын бекітеді. 

Оның құзырында басты кітап бар” (Рағд сүресі 39-аят). 

Кімде-кім бұл дұғаны жасаса Алла Тағала тіршілігіне кеңшілік береді”.(2)

Бәраат  түні  –  жақындарымыз,  көрші  қолаң,  дос-жарандарымызға  «Алла  тағала  құт-береке  жаудырсын»  деп тілейік.  Осы  бір  мүбәрак  түні  бәріміздің  қал-жағдайымыздың жақсы болуын сұрап, 

ұлтымыздың бірлігі мен  тұтастығын, болашағы мен баяндылығын, жеріміздің, 

қала берді күллі адамзат баласының қайғы мен қасіреттен аман болып, 

бақытты болуын тілеп, Ұлы Жаратушыға шынайы түрде жалбарынайық.

 

 

1. Сунән, Ибн Мәжә

2. Мусаннаф, Ибн Аби Шайба. Дұға, Ибн Аби Дуня. Дуррул Мансұр, Суюти. Табари

Yergeldi YesdauletYergeldi Yesdaulet
4 года назад 2747
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир