Жан әлемі
Адамның жан дүниесі деп аталатын әлем өзіндік сырлар мен тылсымдарға толы.
Ақыл, жүрек, рух, көңіл, түйсік, нәпсі, ой, ниет, сезім деген түсініктердің бәрі осы ішкі әлемнің түрлі қырлары десек болады.
Материалдық әлемнен ерекшелігі оның шектеулі еместігінде.
Мысалы, адам баласы ой-қиялымен болашақты шарлап, тарихқа да шолу жасап қайта алады.
Балалық шағына саяхат жасап, жақындарынан көрген жылулықты қайта сезіне алады.
Ниетімен таудай істерді атқара алады.
Нәпсісі қолжетімсіз болса да кейбір ләззаттарды құмартады.
Ақылымен шешімін табу мүмкін емес болып көрінген мәселелердің жауабын табады.
Адамның қадір-қасиеті оның осы жан әлемінің байлығымен өлшенеді.
Абайша айтсақ: “Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым,
ар мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық…”.
Хакім Абайдың “ақыл”, “ар”, “мінез” деп отырғанының барлығы адамның ішкі
жан дүниесін меңзейтіні түсінікті. Ал “ғылым” болса, адамның тәніне, денесіне емес оның жанына қонатын нұр.
“Шынайы байлық - жан дүниенің байлығы” деп
Пайғамбарымыз (саллаллаху аләйхи уа саллам) тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйіндеген.
Ал енді жан дүниемізді қалай байытамыз?
Оны байыту үшін ерік-жігерімізді қалай шыңдаймыз?
Толығырақ: https://t.me/sunnetencyclopedia